СҚО-дағы жазатайым оқиға: Министрлік комиссия құрды

Сурет: СҚО әкімдігі
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті СҚО-дағы жазатайым оқиғаны тергеу үшін комиссия құрды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысындағы адам қайтыс болған жазатайым оқиғаны тергеу үшін облыстың мемлекеттік еңбек инспекторының басшылығымен арнайы комиссия құрды.

Бұған дейін СҚО-да төрт адамның шошқа фермасында қаза тапқанын жазған едік.

Оқиға 1 тамыз күні "EMC Agro" ЖШС-де болды. Кәсіпорын басшылығы жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін төрт қызметкер ферма аумағынан шықпағанын анықтады. Олар шошқа фермасы өндірісінің қалдығын жинауға және айдауға арналған кәріз құдығынан 4 қызметкердің мәйіті табылды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталып, қосымша хабарланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз