Қонаевта 3 ойын мекемесі заңды бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қонаев қаласындағы 4 ойын мекемесін жоспардан тыс тексерген.

Нәтижесі бойынша бизнестің үш субъектісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 445-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ойын автоматтары залының иелері машиналарға технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы бойынша талаптарды сақтамаған. "Ойын бизнесі туралы" Заңға сай, ол кем дегенде 95% болуы керек.

Қонаев қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 19 мамырдағы шешімімен және Алматы облыстық сотының (апелляциялық саты) 2023 жылғы 20 шілдедегі шешімімен ойын бизнесінің барлық 3 субъектісі құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың лицензиясы тоқтатылып, әрқайсысына 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

"7 әкімшілік іс қозғалды, 6 айыппұл салынды. Бір ойын автоматы залының иесі лицензиядан айырылды. Сонымен қатар заңды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында министрліктің қатысуымен ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді", - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.
Қазақстан
Қонаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді