Алматы облысында "Aport Mall" СОСО-ға жарылғыш зат қойылғандығы хабарланды

Сурет: видеодан алынды
Жарылғыш зат туралы хабарлама тікелей полицияның кезекші бөліміне келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жарылғыш зат пен қоңырау шалушыны іздестіріп жатыр.

Куәгерлер түстен кейін Қарасай ауданындағы "Aport Mall" СОСО-дан адамдарды эвакуациялау басталғанын айтады. Автотұрақтан көліктер жаппай кетіп жатыр, орталық аумағына кіруге шектеу енгізілді. 

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz-ға сағат 14: 50-де кезекші бөлімге аталған сауда орталығында жарылыс болуы ықтимал туралы ақпарат келіп түскенін жеткізді. 

Осыдан кейін полиция қызметкерлері сауда орталығының аумағын қоршауға алып, одан шыққан барлық көлікті тексере бастады.

"Бұл факт ҚР ҚК 273-бабы бойынша Қарассай ауданы ПБ-ның ЕҚДБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта саперлер ғимаратта жарылғыш заттар бар-жоғын тексеріп, анықтау үшін арнайы операция жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, күдіктінің жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары қолға алынды", - деп хабарлады облыстық ПД.

Орталық әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.


Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды