Жамбыл облысында тауда қураған шөп өртенді

Сурет: ҚР ТЖМ
2 тамыз күні сағат 14.30-да Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 шақырым жерде "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ аумағында таулы аумақта 200 гектар алаңда қураған шөп жанды.

Жамбыл облысы ТЖД хабарлауынша, Қазавиаорманкүзетінің су жинау құрылғысы бар (1,5 тонна) Ан-2 ұшағымен аэровизуалды барлау және сөндіру жүргізілді.

Өртті сөндіруге Қазорманавиакүзетінің, жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 161 адам, 24 бірлік техника, 2 ұшақ және 1 тікұшағы жұмылған.

"Өрт ошағына әуеден 11 рет су төгілді (шамамен 16,5 тонна). ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ ЕО-145 тікұшағы аэровизуалды түрде барлап жатыр". Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз