"Семей орманы" резерватындағы өрт оқшауланды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысында "Семей орманы" резерватындағы табиғи өрт оқшауланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызыл жалын бүгін, 5 тамызда сағат 10:21-де оқшауланды.

"5 тамызда сағат 10:21-де "Семей Орманы" резерваты территориясындағы орман алқабының өрті  оқшауланды. Резерваттың мәліметінше, қызыл жалын қамтыған аудан 27 гектарды құрайды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жағдайдың тұрақтануына байланысты ТЖМ бөлімшелері тұрақты орналасқан жерлеріне оралғаны да нақтыланады.

Айта кетсек, 4 тамызда сағат 15:30-да "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының территориясында от шыққаны белгілі болды. Өртті жедел жоюға жәрдем көрсету мақсатында оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу аттанды.

Әуеден барлау және су төгетін құрылғыны қолдана отырып, өртті сөндіру үшін ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшақтары оқиға орнына аттанды. 

Қазіргі уақытта ТЖМ мен орман шаруашылығынан тартылған күштері мен құралдарының саны шамамен 130 адамды және 25 техниканы құрады.

Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты