Алматыда бірнеше жол учаскесін су басты

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда 8 тамызда қысқа уақытта төпеп өткен нөсер салдарынан Алмалы және Наурызбай аудандарындағы бірнеше учаскені су басқаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі аталған екі учаскені басқан су жедел түрде жойылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда.

"Аздаған нөсер салдарынан су басу жағдайы Алмалы ауданында жүргізіліп жатқан жол-жөндеу жұмыстарына және өз кезегінде арық желілеріне жаңбыр суын бұру саңылауларының уақытша болмауына байланысты орын алғаны атап өтіледі. Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол шетіне бордюрлар қойылады", делінген хабарламада.


Наурызбай ауданының әкімдігі "Алма сити" ТК-да су басу оқиғасын жою бойынша жедел жұмыстар жүргізді.

Сағат 18.50 - де "RBS Дорстрой" ЖШС мердігерлік ұйымы және қызмет көрсететін компанияның күшімен су басу жойылды. Қазір барлық жағдай бақылауға алынды, желілер мен іргелес аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жалпы, "Қазселденқорғау" деректері бойынша таудағы өзендер жағдайы тұрақты. Анықталған учаскелер бойынша аудан әкімдіктерінің коммуналдық қызметтері жұмыс істеп жатыр", деп жазады баспасөз қызметі.


Сондай-ақ әкімдіктің мәліметінше, 2023-2024 жылдары 201 шақырым арық желісін модернизациялау аяқталады, 100 шақырым жаңа арық желілері салынады, 46 тұрақты су басу учаскесі жойылған.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды