Түркістан облысының Полиция департаментінің хабарлауынша, ауыр қылмыс әрі қосарланған кісі өлтіру бойынша тергеу жүріп жатыр. Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері үш күдіктіні анықтады. Олардың үшеуі де Арыс қаласының тұрғындары болып шықты.
"Екеуі ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақты заттар алынды. Үшінші күдіктіні ұстау үшін барлық қажет шара қабылданып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы ІІБ басшылығының бақылауында".Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тергеліп жатыр. Полиция департаменті басшысының тапсырмасымен тергеуге арнайы топ құрылды.
5 тамызда Арыс қаласында салынып жатқан тұрғын үйдің аумағына белгісіз екі адам кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен. Оқиға куәгерлерінің сөзінен кейін белгілі болғандай, шабуылшылар автоматтан оқ жаудырып, екі ер адам қаза тапты: үйдің 37 жастағы иесі мен оның 23 жастағы танысы.