Қазақстанның әр екінші мектебінде қауіпсіздік бойынша проблемалар анықталған

Сурет: primeminister.kz
Үкімет отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев қауіпсіздігі тексерілген 5620 білім беру нысанының 2900-інде заң бұзушылықтар анықталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің бірінші орынбасары білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті тексеру барысында мектептердің жартысынан көбінде заң бұзушылықтар анықталғанын айтты.

"Білім беру нысандарындағы қауіпсіздікке қатысты ішкі істер органдары 5 620 мекеменің күзет жүйесін жоспарлы түрде тексерді. Қорытынды бойынша 2 900 нысанда заң бұзушылықтар анықталды".Марат Қожаев

Оның айтуынша, заңбұзушылықтар негізінен бейнебақылау стандарттарын сақтамау, дабыл батырмасының болмауы, турникет немесе лицензияланған күзеттің болмауына байланысты.

"24 басшы жауапкершілікке тартылып, 5,4 миллион теңге айыппұл салынды. Қалғандарында берілген тапсырма аясында кемшіліктер түзетіліп жатыр".Марат Қожаев

2023 жылдың көктемінде Оқу-ағарту министрлігі елімізде мектептердегі қауіпсіздік ережелері өзгеретінін хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды