Маңғыстау облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді, аулаларды, ғимараттарды су басты

Сурет: видеодан скриншот
Маңғыстау облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан облыстың түкпір-түкпіріндегі көшелерді, аулаларды, ғимараттарды су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Inaktau.kz сайтының хабарлауынша, нөсер жаңбыр салдарынан Жаңаөзендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің төбесінен су атқылаған. Спорт сарайының шатыры мұндай ағынға төтеп бере алмаған.

Көшелер мен жолдарды су басып қалғаны сонша, жүру мүмкін болмады. Жаңаөзен қаласының әкімдігі су тасқыны Рахат және Теңге ауылдарында болғанын хабарлады.


Коммуналдық мекеме мәселені тез шешпек: 12 су соратын техника, қалалық төтенше жағдайлар бөлімі және 5 мотопомпа жұмыс істеп тұр. Жағдайға байланысты ауысып және түнгі уақытта жұмыс істеу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Жетісу өңіріндегі су тасқыны туралы жазған едік: Ескелді ауданының бірнеше ауылында 21 үй су астында қалды.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз