Алматыда барахолка тағы өртенді

Сурет: Zakon.kz
21 тамыз күні Алматыда "Байсат" базарындағы контейнерлер өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 тамыз күні сағат 14:02-де Солтүстік айналма тас жолы, 7 Байсат базары мекен-жайы бойынша ТЖД күштері мен құралдары жылдам жетті.

"Жанындағы контейнерлерді сөндіру және салқындату үшін өрт саптамалары енгізілді. Нысанның өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылды, магистральдық желілер тартылды. Осылайша судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында жоғары температура мен қатты түтін жағдайында өрт сөндірудің екі бөлімі құрылды, газ-түтіннен қорғау қызметінің үш буыны жұмыс істеді.

Өрт сөндірушілер базардағы өртті 25 минутта ауыздықтады. 14:50-де олар толығымен жойылды.

Шілде айының басында Алматыдағы "Кенжехан-2" көтерме базарынан өрт шыққан еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды