Түнде павлодарлық жас жігіт Төлеби ауданының полиция бөліміне қоңырау шалып, Түркістан облысында тұратын өзінің танысы өзіне зиян келтіргелі жатқанын және оны тез арада құтқару керек екенін хабарлаған. Полиция қызметкерлері Есенғали Асқарбеков пен Бейбарыс Серікбаев ойланбастан бірден қыздың тұрғылықты мекенжайын анықтап, сол жерге барған.
Учаскелік инспекторлар үйдің қақпасын қаққан, бірақ ешкім ашпаған. Тәртіп сақшылары уақытты жоғалтпайық деп, қақпаның үстінен асып түскен. Бейтаныс әйел жүгіріп шығып, полицейлердің не істеп жатқанын сұраған. Полицейлер мән-жайды баяндап береді, ал әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтады. Бірақ тексергенде қыз бөлмесінде жоқ екені және асүйде қоштасу хатын қалдырғаны анықтаған.
"Олар үйдің барлық жерін көріп, қызды таппаған. Бір кезде Бейбарыс Серікбаев үйдің төбесіне қарай шығатын баспалдақты байқап, көтеріліп, арқанға ілулі тұрған қызды тапқан. Учаскелік қызметкер дереу әріптесін көмекке шақырған. Олардың бірі қызды көтеріп, екіншісі ілмекті кескен. Содан кейін полиция қызға алғашқы медицина көмегін беріп, жансызданған аяқ-қолдарын уқалап, жасанды тыныс беріп, жедел жәрдем шақырған. Қырағылық пен келісілген әрекеттің арқасында полицейлер 24 жастағы қызды өлімнен құтқарып қалды. Қазір қыздың жағдайы тұрақты. Оқиғаның толық мән-жайы әлі де анықталып жатыр", - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.
Дәрігерлер қыздың уақытында құтқарылғанын, сапалы алғашқы көмек көрсеткенін айтты. Дәрігерлердің сөзінше, полиция бірнеше секундқа кешіккенде қыз өмірмен қоштасуы мүмкін еді.