Алматы облысында жеңіл көлік пен мопед соқтығысып, 17 жасар бозбала мерт болды

Сурет: Zakon.kz
22 тамызда Алматы облысы Байсерке ауылында жеңіл көлік пен мопед соқтығысып, оқиға орнында 17 жастағы бозбала тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұм бозбала мопед тізгінінде болған.


Сурет: Zakon.kz


Toyota Camry көлігін тізгіндеген бойжеткен Жұбанов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып жол қилысында тоқтамастан тікке өткен.



Сурет: Zakon.kz



Сол кезде бар жылдамдығымен мопед жеңіл көліктің оң жағындағы алдыңғы есігіне соғылған. Ауыр соққы салдарынан мопедтің өзі бір жаққа, оның жүргізушісі бір жаққа ұшып түскен.


Сурет: Zakon.k

Мопед тізгініндегі 17 жастағы бозбала оқиға орнында қаза тапты. 


Сурет: Zakon.kz


Оқиға орнында Алматы облысының анықтаушылары, полиция қызметкерлері, криминалистері жұмыс істеп жатыр. 


Сурет: Zakon.kz


Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты