Семей - Ресей тас жолында апатқа ұшыраған жеңіл көліктегі екі бала ауруханаға түсті

Сурет: polisia.kz
Семей – Ресей Федерациясы тас жолында екі көлік соқтығысып, бір адам мерт болды, сондай-ақ екі бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кісі өліміне әкеліп соққан жол апаты Бородулиха ауданында болған. Daewoo Espero көлігін тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды, оның екі жас баласы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі, яғни "Адам денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіруге әкеліп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз