Түркістан облысында бірнеше рет мал ұрлағандар ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Күдіктілер қылмыстық әрекетін алдын ала жоспарлап, жайылымдарда адам жоқ екеніне көз жеткізіп, малдарды ұрлаған. Сосын оларды ГАЗель көлігіне тиеп, Сайрам, Сарыағаш ауданы және Тараз қаласының мал базарларында сатқан.

Түркістан облысы ПД полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы аумағында мал ұрлаған адамдар тобының қылмысын тоқтатты. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлығын ашуға, күдіктілерді ұстауға бағытталған арнайы шараларды жасады. Жедел уәкілдер қабылданған шаралардың нәтижесінде ірі қара малды ұрлаумен айналысқан Қазығұрт ауданының екі тұрғынынан тұратын адамдар тобын ұстады.

Мал ұрылары қылмыстық жолмен тапқан пайдасын өзара бөліскен. Полицейлер күдіктілердің Қазығұрт ауданында жасалған мал ұрлығының 8 фактісіне қатысы барын дәлелдеді. Заттай дәлелдемелер ретінде ГАЗель автокөлігі мен 3 бас мал тәркіленді.


"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп, ұсталған адамдардың Түркістан облысының аумағында жасалған басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - делінген Polisia.kz хабарламаcында.
Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды