Ақтөбеде жеделсатылар жаңартылып жатыр

Сурет: unsplash
Биыл 93 лифтті ауыстыру жоспарлануда. Қазір 58-і жаңартылды. Оның ішінде, Әз Наурыз көшесіндегі 12-ші үйде 6 жаңа лифт орнатылды. Бүгін үй тұрғындары мен кондоминиум төрағасы БАҚ өкілдеріне жаңартылған лифттерді көрсетті.

Ал тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Қала әкімдігі ескі лифттерді жаңалау бойынша мақсатты жұмыс істеп жатыр. 2023 жылға республикалық бюджеттен 93 лифтті ауыстыру үшін 751,1 млн. теңге қарастырылған, жұмыстар биыл 3-тоқсанда аяқталады.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір 58 лифт ауыстырылды. Қыркүйек айының соңына дейін 10 лифт және 25 лифт қараша айының соңына дейін ауыстырылады.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Нормативтік пайдалану мерзімі асып кеткен лифтілер бойынша басқару нысандарының төрағалары аккредиттелген ұйымдарды тарта отырып, жыл сайынғы техникалық куәландыруды жүргізеді. Бүгінгі таңда тағы 145 жеделсаты ауыстыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. 108 үйдің тұрғындарымен жиналыс өткізілді. Тұрғындардың 70% келісімімен қол қойылған 28 хаттама бар, қалғандары бойынша қол жинау рәсімі жүріп жатыр. Бұл лифттерді ауыстыру 2024 жылы қарастырылуда", - деп атап өтті қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Нұржан Нағыметов.
Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды