Екібастұзда күкірт қышқылының төгілуі: Құтқарушылар апатты қалай еңсерді

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
2023 жылы 28 тамызда Екібастұздағы Әскерилендірілген теміржол күзетінің кезекші бөліміне Екібастұз-2 стансасының алтыншы жолында тұрған цистернадан күкірт қышқылы ағып жатқаны туралы хабар түскен. Екі вагондағы тиелген жүктің жалпы көлемі - 78,3 тонна, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі оқиға орнын полиция, Әскерилендірілген теміржол күзеті басқармасының қызметкерлері қоршағанын нақтылады. 

"Жергілікті жерде мүдделі мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметкерлері мен тасымалдаушының өкілдері қатарынан штаб ұйымдастырылды. Күкірт қышқылының ағуын жоюға ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды. 28-29 тамызға қараған түні ТЖД ОСО күштері экстремалды деп атауға болатын жағдайларда апатты жағдайды сәтті еңсерді. Оқиға орнына 37 тоннадан астам әк жеткізілді, ол күкірт қышқылын бейтараптандыру үшін пайдаланылды". Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

29 тамызда сағат 15-00 шамасында күкірт қышқылын бойынша жағдай тұрақталды. Құрамында 15 адам бар ҚТЖ ҰК АҚ қызметкерлері күкірт қышқылын құю, кейіннен әкпен толтыруға кірісті.


Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі


"Күкірт қышқылымен толтырылған цистерналарды герметикалық тығыздау жүргізіледі. Апатты жою жұмыстары жалғасуда. Төгілген қышқылдың жалпы көлемі сараптама жүргізілгеннен кейін белгіленеді", делінген хабарламада. 
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты