Таразда пәтерден өрт шығып, ломбард пен дүкенге ұласты – зардап шеккендер бар

Сурет: pixabay
Таразда 31 тамызда сағат 17.59-да бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызыл жалын одан әрі бірінші қабаттағы ломбард пен дүкеннің шатырына ұласты. Өрттің ауданы - 40 шаршы метр.

"Өрт сөндіру қызметінің күшімен өрт 18-19-да оқшауланып, сағат 18-28-де толық жойылды. Өртті сөндіру барысында баспалдақ арқылы 30 адам эвакуацияланды, оның ішінде 13 бала бар. Өрт орнынан түтіннен улану белгісі бар пәтер иесі табылып, ауруханаға жеткізілді". Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өрттің алдын ала себебі анықталу үстінде.


Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты