Таиландта жоғалып кеткен Қазақстан азаматының денесі табылды

Сурет: freepik
Таиланд астанасы Пхукетте 18 жастағы Қазақстан азаматының денесі табылды. Бұл туралы ресейлік БАҚ мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таиландтық құтқарушылар Пхукет аралында теңізден 18 жастағы азаматтың денесін тапты. Бастапқыда ресейлік дескен марқұм Қазақстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы Пхукеттің туристік полициясы Facebook-те жазды.

Полиция жұма күні аралдың солтүстігіндегі Най Янг жағажай аймағында туристің жоғалып кеткені туралы жазған еді. Жергілікті билік оны ресейлік турист болуы мүмкін деп хабарлаған. Турист жоғалған күні бірден іздеу-құтқару шаралары қолға алынды, алайда қатты толқындар мен нөсер жаңбырға байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылды.

Zakon.kz редакциясы ҚР СІМ-ге ресми сауал жолдады.

Маусым айының басында 24 жастағы Артур Ысқақов Пхукетте суға батып кетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін