Атырау облысында мыңдаған балық қырылып қалды

Сурет: видеодан скриншот
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылында жергілікті тұрғындар шағын су қоймалары мен шалшықтарда сазан, мөңке және басқа да балықтардың мыңдаған шабағы қалай қырылып жатқанын видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көктемде су көп болып, шағын шалшықтар пайда болған. Жаздың аптап ыстығынан кейін судың деңгейі төмендеген кезде шалшықтар өзеннен алыстап, ал шалшыққа түрлі тұқымды жас балықтар жиналып қалған. Бұл туралы АқЖайық басылымы жазды.

"Шұғыл әрекет етпесе шабақтар өледі. Су қоймасы Қызылқоға ауданындағы Тасшағыл ауылына апаратын жолдың бойында орналасқан. Сазан, мөңке және басқа да балық түрлері көп. Дәл осындай жағдай облыста да қалыптасып отыр: Адайкөл, Бәйтек, Арал және Тиын көлдерінде. Осының бәрі көктемде тасқын су көп болып, балық уылдырық шашып, бірақ кейін суы құрғап бара жатқаннан болып отыр... Балықты құтқаруға көмектесіңдер!". – дейді оқиға орнында түсірілген видеоның авторы.


Ауылдық әкімдік шабақтарды құтқару шараларын балық инспекторлары мен жергілікті тұрғындардың күшімен атқара бастағанын атап өтті. Жас балықтарды аулап, өзенге жібереді.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының экология департаменті жергілікті су айдындарындағы Есіл өзені мен Питное көліндегі балықтардың жаппай қырылу себебін хабарлаған еді.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты