Ақтауда есірткі жасырып кетумен айналысқан суши-маркет желісінің қызметкерлері сотталды

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі және психотроптық заттарды жасырып кетушілерді 10 жыл бас бостандығынан айырды.

34 жастағы ер адам Ақтаудағы суши-маркеттер желісінің басшысы болып жұмыс істеген. Екінші 32 жастағы ер адам оған заңсыз істе көмектесіп отырған. Олар психотроптық заттардың партияларын жасырып, есірткіні буып-түю бойынша тапсырмалар мен координаттарды Telegram қосымшасы арқылы алып отырған.

Олардың тұрғылықты жері бойынша және компания кеңсесінде тінту іс-шараларын жүргізу кезінде барлығы 692 грамм "мефедрон" синтетикалық препараты табылып, тәркіленді.


"Қаскөйлердің әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1 және 3-тармақтары бойынша сараланды, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында, аса ірі мөлшерде сатып алуы, сақтауы, тасымалдауы. Сот қылмыстық топтың екі негізгі мүшесін 10 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.
Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды