Шымкентте мас күйдегі ер адам учаскелік полицейге пышақпен тап берді

Сурет: polisia.kz
Шымкентте учаскелік полицейге пышақпен шабуыл жасаған мас күйдегі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, 6 қыркүйек күні кешке Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік инспекторы отбасылық жанжал жөнінде шақырту түскен мекен-жайға барды. Жергілікті тұрғын күйеуі ұрғанын айтып, шағымданған.

Оқиға орныны жеткен учаскелік полицей пышақ ұстап тұрған үй иесін көрген. Тәртіп сақшысы одан пышақты тастауды талап еткенде, мас ер адам оған шабуыл жасап, мойны мен қолын жарақаттаған.

"Полиция қызметкері әріптесінің көмегімен қаскүнемді қарусыздандырды. Аталған жайтты тергеушілер Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі "Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану" бойынша тіркеді", – делінген Түркістан облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.

Күдікті 2015 жылы осы баптың бірінші бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар бұрын әйелінің денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік қамауға алынып, полицияның есебінде тұрған.

Ер адам қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты