Ақтауда жансақтау бөліміне түскен бала: Биіктен құлап, екі үйдің ортасына қыстырылып қалған

Сурет: Zakon.kz
8 қыркүйекте Ақтау қаласында сағат 21-45-те 16-шы ықшам аудан, 59 үй мекенжайында екі тұрғын үйдің ортасындағы қуысқа бала құлап кетіп, қыстырылып қалғаны туралы жедел жәрдемнің кезекші желісіне ақпарат түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің екі көлігі мен жеке құрамнан сегіз қызметкер аттанды. 

"Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері аталған мекен-жайда жеті қабатты тұрғын үйдің шатырынан қабырғалары жақын орналасқан екі тұрғын үйдің арасындағы қуысқа баланың құлап, бірінші қабат деңгейінде қыстырылып қалғанын анықтады. ТЖД қызметкерлері күшімен 2006 жылғы жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі таңда зардап шеккен бала Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр деп бағаланады". Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Зардап шеккен баланың тұрғын үйдің шатырында достарымен бірге ойнап жүргені, ата-анасының қарауынсыз болғаны да нақтыланады.


Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды