Ақтауда биіктен құлап, комаға түскен жасөспірім есін жинады

Сурет: freepik
Екі күн комада болған 17 жастағы жасөспірім есін жиды. Алайда дәрігерлер оның жағдайы әлі де ауыр екенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 қыркүйекте кешке көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен құлап, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген 17 жастағы жасөспірім өз бетінше дем алуда. 

"Баланың жағдайы әлі де ауыр, бірақ тұрақты деп саналады. Ол комадан шықты. Сондай-ақ жасанды дем беру аппаратынан ажыратылды, өзі бетімен дем алуда. Қандай да бір болжамдар айтуға әлі ерте", - дейді Маңғыстау облысының көпсалалы балалар ауруханасының реаниматолог дәрігері Мереке Бекбаев.

Айта кетсек, оқыс оқиға 8 қыркүйекте болған. Жасөспірім достарымен бірге құрылысы бітпеген көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде жүгіріп жүріп, қабырғасы жақын орналасқан екі үйді қосатын пенопластыны басқанда құлаған. Ол жасөспірімнің салмағын көтере алмаған. Бала жеті қабаттан төменге құлдилап, бірінші қабат деңгейінде қос үйдің қабырғасына қыстырылып тұрып қалған. Құтқарушылар балаға көмекке келді. Зардап шегуші облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, ол 2 дәрежелі комада болды.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды