Алматыда тұрғын үй кешенінде орналасқан есірткі зертханасы жойылды

Сурет: Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі
27 жастағы жігіт Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінен жалдаған пәтерде есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің жалдамалы пәтерінен мефедрон, сондай-ақ жалпы салмағы 139 грамм болатын "альфа–PVP" есірткі заты табылған. Бұған қоса мефедрон салынған орамалар тәркіленген.

Сондай-ақ дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылатын материалдар мен жабдықтар: шприцтер, қолғаптар, лакмус қағазы, электр лентасы, прекурсорлар мен тұз қышқылы бар ыдыстар, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар табылды.

"Күдікті мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды". Алматы полиция департаменті

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды