Жетісу облысында ауыл мектебіне "жарылғыш зат қойылды"

Сурет: Zakon.kz
Полиция басқармасының пультіне Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылындағы мектепке "мина қойылды" деген қоңырау түсті. Барлық мектеп оқушысы мен мұғалімдер мектептен эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарылғыш зат туралы жасырын хабарлама Қарабұлақ ауылында сабақ кезінде жеткен. Ғимарат тұрғын үйлерге және Ескелді ауданы әкімдігіне жақын орналасқан.

"Сағат 11:14-те Қарабұлақ ауылындағы Н.Алдабергенов атындағы мектептің мұғалімдеріне "мектепке жарылғыш зат қойылғаны" туралы аноним хабарлама келді. Барлық оқушы, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер білім ордасынан қауіпсіз қашыққа көшірілді. Мектеп аумағы қоршауға алынды", - деп хабарлады Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мектеп маңында полиция департаментінің саперлер жасағы, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері, учаскелік полицейлер мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

Zakon.kz тілшісінің хабарлауынша, қазір екінші ауысымдағы оқушылардың сабағы тоқтатылды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды