Шымкентте клиенттерге жалған 4 мың еуро сатқан банктің бес қызметкері сотталды

Сурет: pixabay
Қаржылық монитринг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қаланың екі тұрғынына қатысты 4 мың еуро сомасында жалған ақша қаражатын (номиналы 500 еуро банкноталар) сату фактісі бойынша істі аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылы қала банктерінің бірінің қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы банк клиенттеріне жалпы сомасы 4 мың еуро жалған ақша купюраларын сатқан. Бұл факті бойынша тергеу жүргізілді, соның нәтижелері бойынша банктің 5 қызметкері кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

"Банк қызметкерлеріне жалған купюралар берген азамат халықаралық іздестіруге жарияланып, ағымдағы жылдың наурыз айында Швецияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Маусым айында күдікті мен оның жұбайына қатысты іс сотқа жіберілді.

Сот үкімімен бұл адамдар кінәлі деп танылып, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды