Шымкент тұрғыны терроризмді насихаттады деген айыппен жеті жылға сотталды

Сурет: freepik
Сот терроризмді насихаттап, діни араздықты қоздыру ісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынын жеті жылға соттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің 21 қыркүйек күні мәлімдеуінше, ведомство терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

"Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді", – делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек