Петропавлда ер адам жаңа туған сәбиін бесінші қабаттан лақтырмақ болды

Сурет: pixabay
Петропавлда жатақханалардың бірінде 23 жастағы ер адам жаңа туған сәбиін бесінші қабаттан лақтырмақ болған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары қайғылы жағдайдың алдын ала білді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен оларды кеше көрдім. Өзі де, бірге тұрып жатқан еркегі де масаң еді. Олар ұрсысып тұрды. Күйеуі әйелін жүріс қылдың деп кінәлап жатты. Жақындап сөйлесіп көріп едім, болмады. Әйелі жылап, баланы әкел деп айғайлады. Дұрыс сөйлей алмай тұрды", деп КТК телеарнасы жатахқана тұрғындарының бірінің сөзін келтіреді.

Оқиға кешқұрым қаладағы жатақханалардың бірінде болған. Ерлі-зайыптылардың жанжалы төбелеске ұласқан соң, көршілері полиция шақырыпты. Тәртіп сақшыларын көріп, одан сайын ерегескен азамат бөлменің есігін іштен құлыптап, жаңа туған нәрестесін "5-ші қабаттан лақтырамын" деп қоқан-лоққы көрсетті. Баланың өміріне қауіп төнген соң, барлық құтқару қызметі әлдеқандай жағдайға дайын тұрған. Жедел жеткен арнайы жасақ есікті бұзып кіріп, нәрестені құтқарды. Бала дін аман, медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Бұл олардың екінші баласы екен. Біріншісі - үш жаста. Ерлі-зайыпты бұл жатақханадағы бөлмені жалға алғандарына бір ай ғана болыпты.


"Ұсталған азамат облыстың 23 жастағы тұрғыны. Масаң күйде болған. Өзімен бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуі арасында жанжал болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән жайы анықталып жатыр".СҚО ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Нұрбек Баекин
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс