Алматы облысында жас бала көлікпен бес оқушыны қағып кетті

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында 10-сынып оқушысы бес оқушыны көлікпен қағып кетті. Үш оқушының жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция қызметінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"2023 жылғы 21 қыркүйегінде Нарынқол ауылында 15 жасар жасөспірім Subaru көлігін басқарып келе жатып, рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кетіп, ондағы жаяу жүргіншілерді қағып кеткені туралы хабарлама түсті", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатының салдарынан 2008 жылы туған алты бала зардап шекті.

Бес бала ауруханаға жатқызылды.

Ведомство өкілдері қазір сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын айтты.

Полицейлердің айтуынша, жол-көлік апатын жасаған жасөспірім ағасына ескертпей, көлігін мініп дүкенге шығып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алматыда екі жасөспірім жалға алған пәтерлерін қайта жалға беріп келген.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді