Ақтауда үш күн бұрын балық аулауға кетіп, жоғалған ер адамның денесі табылды

Сурет: Zakon.kz
Ақтауда үш күн бұрын Каспий теңізіне балық аулауға кетіп, сол күйі үйіне оралмаған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы ТЖД болжамынша, 24 қыркүйекте жоғалған 1992 жылғы азамат балық аулау кезінде суға батып кеткен болуы мүмкін. 

"Бүгін, 26 қыркүйекте сағат 12:08-де өңірлік ТЖД сүңгуірлері Шора су арнасы ауданында жағадан 400 метр қашықтықтан ( 5 метр тереңдіктен) жоғалған ер адамның денесін тауып, су бетіне шығарды". Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі


Жоғалған ер адамды құтқару-іздестіру жұмыстарына өңірлік ТЖД Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері, нақтырақ айтқанда, 10 құтқарушы, 3 техника және 3 жүзу құралы, сондай-ақ 8 ерікті адам жұмылдырылғаны да нақтыланады. 

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз