Енді полиция есірткі қылмысын анықтауға заманауи техниканы қолданады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі сатып алған жаңа техника есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдар арасындағы тікелей және жасырын байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

Интернет кеңістігінде есірткі қылмыстарын анықтаудың тиімділігін арттыру үшін Ішкі істер министрлігі "Kazdream Special Systems" ЖШС Қазақстан компаниясымен заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендер мен ілеспе техникалық жабдықтарды сатып алуға шарт жасасты. Қыркүйек айында техниканы қызметте пайдалану бойынша полицейлер арасында семинар-тренинг өтті. Бүгінде әр өңірге бір жұмыс станциясы берілді. 

Бағдарламалық кешендердің қуаты ақпараттың едәуір көлемін өңдеуге және есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдар арасындағы тікелей және жасырын байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, аппараттық-бағдарламалық кешендер Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде бөлінген қаржы есебінен сатып алынды.


"Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткіні жарнамалау фактілері бойынша 51 сотқа дейінгі іс жүргізді. Есірткіні интернет арқылы таратқаны үшін 288 қылмыстық істі тіркеді. Есірткі тарататын 1,5 мың сайт бұғатталды. OLX.kz хабарландырулар ресурсында есірткіні насихаттайтын 1179 жазба мен психоактивті заттарды тарату бойынша курьерлік жұмыс ұсынысы анықталды. OLX.kz басшылығымен жасалған келісім негізінде бұл жарнамалар жойылды", - делінген Орталық коммуникациялар қызметінің хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды