Абай облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаева ұсталды

Сурет: Instagram/eastkazpolice
Әлеуметтік желілерде Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаева ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"27 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, делдал арқылы 1000 АҚШ доллары көлемінде қаражатты алып жатқан жерінде облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаеваны ұстады", – делінген желіде тараған хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл жағдайға түсініктеме берді.

"Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық  полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығын ұстады", – деп хабарлады департаменттен.

Гүлвира Бекетайқызы көші-қон қызметінде түрлі қызметтерде, оның ішінде 5 жыл Астана қаласы ІІБ Көші-қон полициясы басқармасының бастығы қызметін атқарған. Содан кейін ол Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне келді.

Қазақстан
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты