Халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктер Түркістан облысында қолға түсті

Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ
Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

"2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 54 жастағы Өзбекстан азамат Отырар ауданында ұсталды. Ер адам өз елінде "Ұрлық" бабы бойынша көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген. Бір тәуліктен кейін алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Өзбекстанның тағы бір азаматы ұсталды", – делінген хабарламада.

Іздеуде жүрген екі қылмыскер де деструктивті-діни ағымның жақтаушылары ретінде есепте тұр.

"Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады", – делінген хабарламада.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды