ҚМА: Шымкентте шенеуніктер бюджеттен 1,1 миллиард теңге ұрлап, оған Астанадан жылжымайтын мүлік сатып алған

Сурет: Zakon.kz
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, олар жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған.

Құқық қорғау органдары осы әдіспен бюджеттен ұрланған қаражат көлемі 1,1 млрд теңге деп бағалаған.

"Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді