Қазақстанда есірткі қылмысын кәмелетке толмағандар да жиі жасайды

Сурет: ҚР МКК
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек Қазақстанда қанша бала мен жасөспірімнің есірткі бизнесіне қатысы бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шұғыла Тұрлыбек 2020 жылы Қазақстанда кәмелетке толмағандар 15 есірткі қылмысын жасағанын мәлімдеді. Оның бесеуі сатқан. 2021 жылы 26 факті анықталса, сатқандар саны 10-ға дейін өсті. 2022 жылы кәмелетке толмағандардың есірткі сату фактілері бұдан да артқан.

"2022 жылы кәмелетке толмағандар есірткіге қатысты 25 қылмыс жасады. Оның жартысының (12 факт) есірткі сатуға қатысы бар. Биыл алғашқы жартыжылдықта кәмелетке толмаған 29 жеткіншек қылмыстық процеске тартылды. Оның 13-і колледж студенттері, үшеуі университетте оқиды және алтауы мектеп оқушысы", - деді Шұғыла Тұрлыбек.

14 наурызда Ішкі істер министрлігі Қазақстанда нашақорларды ерте анықтау үшін скрининг енгізілуі мүмкін екенін хабарлады.

20 қыркүйекте депутат Динара Шүкіжанова синтетикалық есірткінің қолжетімді болуы Қазақстанда жасөспірімдер арасында нашақорлықтың тез таралуына әкеліп соқтыратынын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты