Алматыда элиталы мектепте бала зорланды деген күдік бойынша Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді

Сурет: pixabay
3 қазанда үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Алматыдағы элиталы мектеп оқушысына жыныстық зорлық-зомбылық жасалуы мүмкін деген мәлімдемеге пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министр бұл жағдай Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін, сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

"Мен тергеу барысы туралы түсініктеме беріп, алдын ала болжам жасай алмаймын. Процесстік заң бұған тыйым салады. Сондықтан тергеу нәтижесін күтейік. Әзірге күдіктілер жоқ, қажетті сараптамалар тағайындалды". Марат Қожаев

2 қазанда хабарланғандай, 1-сынып оқушысының анасы ұлына Алматыдағы халықаралық мектепте зорлық-зомбылық көрсетілді деп күдіктенетінін жеткізді. Оның айтуынша, бала оқу бастағаннан-ақ біртүрлі мінез таныта бастаған: ол шу шығарып, мысығына ұрысып, сабаққа барудан бас тартқан. Ол кезде әйел оның мінез-құлқына аса мән бермеген. Кейін баласы мектептен жыртық шалбармен қайтқан. Іш киімі теріс киіліп, ақ түсті бөлінді жұғылған. Бұған қоса  анасы басқа да жыныстық зорлық-зомбылық белгілерін байқаған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты