Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысында діни радикалды ұстады

Сурет: ҚР ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен террористік идеяларды, оның ішінде интернет арқылы насихаттады деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның тұрғылықты жерінде тінту кезінде діни әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, ұсталған азамат бұрын қарапайым қылмыстар жасағаны үшін сотты болған.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстанда діни радикалды ұстаған еді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты