Тоқаев Щучинск қаласындағы студенттің жұмбақ өлімін тексеруді тапсырды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучинск қаласында болған студенттің өліміне қатысты қайттың барлық мән-жайын жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Ақорданың Telegram-арнасындағы 2023 жылғы 10 қазандағы хабарламасында жазылды.

"Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек".Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.

2023 жылғы 7 қазанда Ақмола облысындағы Бурабай – Жамантұз темір жол өткелінде бір студент жігіттің мәйіті табылды.

Көп ұзамай полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Артынша желіде марқұм студенттің анасының президент пен Ішкі істер министрлігі басшысына жазған видео үндеуі жарияланды.

Әйел ұлынан белгісіз біреулер бірнеше рет ақша бопсалағанын айтты. Сондай-ақ марқұмның анасы қалада ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыс істейді деп есептейтінін айтты.

"Ұлым Романнан ақша бопсалады, бұған қоса психологиялық және физикалық қысым жасалды", – дейді ол.

Әйел Қасым-Жомарт Тоқаевтан осы жағдайды реттеп, бопсалауды тоқтатуға көмектесуін сұрады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды