Петропавлда шенеуніктер 7,8 миллион теңгеге кілем сатып алмақ болған

Сурет: pixabay
Петропавл қаласы әкімінің аппараты шаршы метрі 35 мың теңгеге бағаланған кілем сатып алмақ болған. Бұл жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың 9 айында жоспарланған сатып алу бағасын асыра бағалаудың 79 фактісін анықталып, нәтижесінде 1,8 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

Мәселен, Петропавл қаласы әкімінің аппараты кілемді бір шаршы метрін 35 мың теңгеге бағалап, сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің араласуымен 7,8 млн теңге болатын бюджет қаражаты үнемделген.

Аумақтық департамент басшысы Асхат Джакипбеков жыл басынан бері 8 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілгенін, бес мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметіне сыртқы талдау жүргізілгенін, бизнес-процестерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту және заңнаманы жетілдіру бойынша 200-ден астам ұсынымдар әзірленгенін хабарлады.


Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты