Шымкентте басқарма басшысы 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте шенеунік пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикордың баспасөз қызметінің 13 қазан күні хабарлауынша, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетін әшкереледі.

"Ол өзінің қарамағындағы адамнан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

12 қазан күні әлеуметтік желілерде Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. 

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз