Қазақстан құтқарушылары Ауғанстанның 80 тұрғынына медициналық көмек көрсетті

Сурет: gov.kz
Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейінгі қирандыларды аршу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жіберілген Қазақстан ТЖМ-нің 45 қызметкері гуманитарлық миссиясын аяқтап, тұрақты жұмыс орнына 14 қазанда оралады.  


"Бөлінген учаскедегі іздестіру-құтқару жұмыстарының толық көлемінің аяқталуына байланысты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілген қазақстандық құтқарушылар жасағын қайтару туралы шешім қабылданды", делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Ауғанстанда құтқару жұмыстары басталғаннан бері қазақстандық құтқарушылар қаза тапқан 1 баланың денесін алып шықты, 80 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетілді, 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді, Наиброфи елді мекеніндегі 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді.

Сонымен қатар, құтқарушылар қатты шаңды дауылдан қираған шатырлы қаланы тексерді. Жергілікті биліктің өтініші бойынша қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің жедел тобы дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлесіп 9 шатырлы қалашықтың орналасу орындарына тексеру жүргізді.

Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдарын қайтару 14 қазанға жоспарланған.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты