СҚО-да пойыз 20 бас ұсақ малды жапырып өтті

Сурет: polisia.kz
11 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының Уголки – Саумалкөл аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдарда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежегішті қолданды. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 20 ұсақ мал пойыз астына түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Пойыздың жоспарланбаған тұрағы 34 минутты құрады. Тексеру барысында үй жануарларының иесі болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны анықталды. Құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559- бабы 1-бөлігімен (Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", делінген Көліктегі полиция хабарламасында.

Шұғыл тежеуді қолдану кезінде туындаған жоғарыдағы мәселелерден бөлек, локомотив бригадалары мен жолаушылардың өміріне қауіп төніп, жарақат алулары мүмкін. Осыған орай, көлік полицейлері ауыл шаруашылығы жануарларының иелері темір жол бойында мал жаюға жол бермеуі, оларды қараусыз қалдырмауы тиіс екенін тағы да еске салады.

Аталған құқық бұзушылық орын алған жағдайда ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Айта кетейік, аталған құқық бұзушылық жасағыны үшін жыл басынан бері 975 азамат жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз