Алматыда құбыр жарылып, қаладағы бір аудан жылусыз қалды

Сурет: freepik
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бірнеше сағат бойына ыстық су мен жылудан ажыратылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Розыбакиев – Ходжанов – Гагарин – Короленко көшелерінің контурында орналасқан бірқатар тұрғын үй кешендері мен басқа да ғимараттар магистральдық жылу желісі учаскелерінің бірінде туындаған штаттан тыс жағдайға байланысты жылудан ажыратылды.

"1976 жылы пайдалануға берілген диаметрі 800 мм болатын құбырда орын алған ақауды жоюмен шұғыл бригада айналысып жатыр", – деп хабарлады жылу желісіндегілер.

Компания қаланың аталған секторында жылу мен ыстық су беруді түн ортасына дейін қалпына келтіру жоспарланып отырғанын айтты. 


Қандай да бір штаттан тыс жағдай туындағанда (су, бу шығарындылары) адамдардан өз бетінше әрекет жасамау және болған оқиға туралы төмендегі нөмірлерге қоңырау шалу ұсынылады:

+7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы) немесе

+7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін).

Алматыда 10 қазаннан бастап жылу беріле бастады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек