Polisia.kz сайтының жазуынша, ұсталған 34 жастағы ер адам әзірге алаяқтықтың 5 дерегі бойынша күдікке ілінді.Тергеу кезінде күдікті азаматқа Талдықорған қалалық соты қамауда ұстауға санкция берді.
"Күдікті Алматының тұрғыны. Тергеу материалдарында әзірге талдықорғандық бес жәбірленуші бар. Ер адам қылмыстық мақсатта құрылыс материалдары мен түрлі дәнді дақылдарды сатып алу, сатуды жүзеге асыратын түрлі қосымшаларды қолданғаны анықталды". Талдықорған қалалық ПБ бастығының орынбасары Данияр Қабжасаров
Данияр Қабжасаровтың сөзінше, күдікті түрлі келіссөз барысында сатып алушы, делдал және сатушы ретінде әрекет еткен. Бес дерек бойынша жалпы шығын 2 млн теңгеден асқан.
"Тергеу барысында ұсталған адамның алаяқтыққа байланысты басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі", – деді Талдықорған қалалық ПБ бастығының орынбасары.
Полиция азаматтарды интернет кеңістікте қаржылық мәмілелер жасасу кезінде сақ болуға шақырды. Сөйлескен кезде күмәндан туындаса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз қажет.