Қарағанды ​​облысында сібір жарасын жұқтырған екінші адам жансақтау бөліміне ауыстырылды

Сурет: primeminister.kz
Қарағанды ​​облысы Топар ауылында сібір жарасы диагнозы қойылған екінші науқас жансақтау бөліміне ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының 27 қазан күнгі мәліметінше, сібір жарасы диагнозы қойылған екінші науқас жұқпалы аурулар орталығының жансақтау бөлімінде жатыр. Сібір жарасын жұқтырды деген тағы бір ер адам қайтыс болды, үшінші науқастың жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр.

"Қазіргі уақытта сібір жарасы диагнозы расталған екі науқас емделіп жатыр. 62 жастағы науқаста ауру ауыр өтіп жатыр. Тер-қабыну синдромы ұлғаюына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылды. Екінші науқас 41 жаста, жұқпалы аурулар орталығында жатырғ жағдайы орташа ауыр, толық ем қабылдап жатыр", – дейді Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 23 қазан күні Абай ауданындағы аудандық аурухананың жедел жәрдем бөліміне қолының сырт жағында жарасы бар науқастар келгенін еске салды. Сібір жарасын жұқтыруы мүмкін деген күдік туғандықтан олар облыстық клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар орталығына жіберілді. 1948 жылы туған ер адам жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер қанша тырысқанымен оны аман алып қала алмады.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді