Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болып, жеті адам қаза тапты

Сурет: freepik
Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те болған жарылыстан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, шахтада өрт шыққанын 28 қазанға қараған түні шахта шебері хабарлаған. Бұл кезде шахтада 252 кенші болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 204 кеншіні сыртқа шығарды.

Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.

Оқиға орнында штаб құрылды. Костенко атындағы шахтада Қарағанды ​​облысының әкімі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры, Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары, Қарағанды ​​облысының прокуроры, арнайы құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүр.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаменті ақпараттық-психологиялық қолдау көрсету үшін сенім телефондары іске қосылды: (8-7172) 70-41-08, (8-7212) 51- 72-23.
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз