Алматы полициясы терезеден оқ атқан ер адамды ұстады

Сурет: Zakon.kz
Полицейлер Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің терезесінен оқ атқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция 2000 жылы туған Х. есімді күдіктіні ұстады. Ол Атырау облысының тұрғыны болып шықты.

Полицейлердің мәліметінше, ол тұрғын үй кешендерінің бірінің балконынан белгісіз тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан.
"Одан үш оғы бар RETAY PT24 сигналдық тапаншасы тәркіленді", – делінген хабарламада.
Бостандық аудандық полиция бөлімі қызметкерлері ұстаған ер адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі.

2023 жылғы 2 қараша күні Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің терезеден ер адамның тапаншадан оқ атып жатқан видеосы тарағанын хабарлаған едік.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты