Алматы облысында полицейдің мәйіті табылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полициясы полицейдің өз-өзіне қол жұмсау фактісін жан-жақты тексеруге кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 6 қарашада тараған хабарламаға сүйенсек, Балқаш аудандық полиция бөліміне аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша тіркелді, марқұмның отбасында жеке мәселелері болғанын ескертеміз, ол да қылмыстық істі тергеу аясында тексеріледі".Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

2023 жылғы 3 қараша күні Қостанай облысында әйелін өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды. Қаза болған әйел де құқық қорғау органдарында жұмыс істеген

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады