Көкшетаулық жігіт әлеуметтік желі арқылы жалған жолдамалар сатқан

Сурет: freepik
Алаяқтық жасады деген күдікпен Көкшетау қаласының тұрғыны ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, ол өзін туроператор ретінде таныстырып, әлеуметтік желі қолданушыларына жоқ жолдамаларды сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің 7 қараша күнгі мәліметінше, Көкшетау полициясына Астана қаласының тұрғыны хабарласқан. Ер адам қыркүйек айының басында Instagram желісінде туристік жолдамалар сатылатыны жөнінде жарнамаға кез болғанын, қызыққан соң "туроператорға" хабарласқанын айтты.

Туристік сапарларды "ұйымдастырушыға" сеніп қалған Астана тұрғыны Тайландқа төрт жолдамаға жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам ақша жіберген. Ол ақшаны агенттік қызметкеріне "тиесілі" есепшотқа аударған. Алайда "туроператор" сол күйі хабар-ошарсыз кеткен.

Полиция  ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, күдіктіні жедел анықтады. Ол Көкшетаудың 20 жастағы  тұрғыны болып шықты, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды