Алматы тауларында жоғалып, үш күннен кейін табылған турист: "2ГИС мені алдап соқты"

Алматы тауларында жоғалып, үш күннен кейін табылған турист басынан өткен оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.


"2ГИС маған бағытты көрсетіп отырды, сонымен жүре бердім. Соңғы қалған 200 метрді мен жарты сағатта-ақ игерер едім, бірақ бағдарлама мені алдап соқты", – деп еске алады турист жоғалған кезін.

Ол соңғы 200 метр өмірін қиюы мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ, турист әрқашан жақындарыңызға өз маршрутыңыз және қай уақытта оралатыңыз туралы ақпаратпен ұдайы бөлісіп отыруға кеңес береді.

"Егер мені әбден сандалтқан қателік болмағанда, уәде еткен уақытта кері оралар едім. Мұндайда суды көбірек алып, жаныңызда оттұтақыш, сіріңке, жылы киімдер болсын. Шынын айтсам, мені балаклава (бетті жауып тұратын маска-бас киім) құтқарып қалды! Бұл басқа келген алғашқы пайымым, ең бастысы, баспен ойлап, асығыс шешім қабылдамаңыз", - дейді ол.

Бұған дейін Іле Алатауында ер адамның жоғалып кеткені белгілі болды. Оны іздеуге үш күн кетті. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, волонтерлар, кинологтардан тұратын 70-тен астам адам және төрт дрон тартылды.

4 қарашада кешке Алматы қаласы ТЖД-ның 112 пультіне ер адамнан өзінің тауда екендігі және тік беткейден өздігінен түсе алмайтындығы туралы ақпарат келіп түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ТЖД Республикалық жедел-құтқару жасағының, "109" құтқару қызметінің, Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары, еріктілер жіберілді.

7 қарашада ТЖМ құтқарушылары Аю тауындағы Үлкен Алматы шатқалында ер адамды тауып, оны төмен түсірді.

Туристерді іздеу күрделі таулы рельефте, тік беткейлерде, тығыз өсімдіктермен, тәулік бойы, сондай-ақ қараңғы уақытта жүргізілді. 

ТЖМ ұсынады:

Алматы Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: